П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
22.04.2026 11:45
ҚР Парламенті Мәжілісі Ауылдық округтердің бюджетін мүлік салығы мен лицензиялық алымдар есебінен кеңейту ұсынылды Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат Президенттің тапсырмаларын, соның ішінде мәслихат депутаттарының форумдарында айтылған міндеттерді орындау үшін әзірленді. Ол жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге және әкімдердің диалог алаңын дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, ұғымдарды нақтылау, жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарын өткізу тәртібін реттеу ұсынылады. Заң жобасындағы жаңалықтардың ішінде – кірістердің бір бөлігін ауылдық округтер деңгейіне беру бар. Бұған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы, сондай-ақ тіркелген жері бойынша құжат тапсырғанға немесе рұқсат алғанға дейін төленетін лицензиялық алымдар жатады. Бұдан бөлек, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысуын кеңейту, соның ішінде аумақтық өзін-өзі басқаруды дамыту шаралары ұсынылады. Мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылған: депутаттардың өкілеттіктері, жауапкершілік шаралары мен әлеуметтік кепілдіктері нақтыланады. Атап айтқанда, мәслихат депутаттарының өз сайлау округтерінің тұрғындары алдында әр жарты жыл сайын міндетті түрде есеп беруін енгізу ұсынылады. Мәслихат отырыстары онлайн режимде көрсетіліп, депутаттық сауалдар көпшілік алдында жарияланатын болады. Заң жобасында мәслихат аппаратының басшысын қызметке тағайындау және босату тәртібі анықталып, оның өкілеттіктері бекітіледі. Мәслихат төрағасын қайта сайлау мүмкіндігі екі мерзіммен шектеледі. Сондай-ақ заң жобасы аясында ауыл әкімдерінің функционалдық міндеттері қайта қаралады. @mazhilis_kz
Бюджет сельских округов предлагается расширить за счёт налогов на имущество и лицензионных сборов

Мажилис одобрил в первом чтении законопроект о внесении изменений и дополнений в Закон «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан».

Документ инициирован депутатами Парламента во исполнение поручений Президента, в том числе озвученных на форумах депутатов маслихатов. Он направлен на совершенствование системы местного управления и самоуправления и развития диалоговой площадки акимов. В частности, предлагается уточнить понятийный аппарат, урегулировать порядок проведения сходов и собраний местных сообществ.

Среди новелл законопроекта – передача части доходов на уровень сельских округов, включая налог на имущество юридических лиц и индивидуальных предпринимателей, а также лицензионные сборы за отдельные виды деятельности по месту регистрации, уплачиваемые до подачи документов или получения разрешения.

Кроме того, предлагаются меры по расширению участия граждан в решении вопросов местного значения, включая развитие территориального самоуправления.

Отдельное внимание уделено повышению эффективности деятельности маслихатов: уточняются полномочия депутатов, меры ответственности и социальные гарантии. В частности, предлагается ввести обязательные отчёты депутатов маслихатов перед населением своих избирательных округов каждое полугодие. Заседания маслихатов будут транслироваться онлайн, с публичным озвучиванием депутатских запросов.

Законопроектом также определяется порядок назначения и освобождения от должности руководителя аппарата маслихата, закрепляются его полномочия. Возможность переизбрания председателя маслихата ограничивается двумя сроками.

Также в рамках законопроекта пересматривается функционал сельских акимов.

@mazhilis_kz
👍 3
👎 1
4 440

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram