П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
21.04.2026 21:14
ҚР Парламенті Мәжілісі Фото: Мәжіліске Моңғолия Президенті келді Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Парламент Мәжілісіне келді. Палата төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде парламентаралық ынтымақтастық мәселелері мен елдер арасындағы өзара байланысты нығайту жолдары талқыланды. Мәртебелі мейманды қарсы алған Мәжіліс спикері Моңғолия басшысын қазақ-моңғол қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ең жоғары мемлекеттік награда «Алтын Қыран» орденін алуымен құттықтады. Ерлан Қошанов Моңғолия Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті.Сонымен қатар көшпелі өркениеттер дәуірінен бастау алатын қазақ және моңғол халықтары арасындағы терең тарихи байланыстар соңғы жылдары одан әрі нығайып келеді. Мәжіліс төрағасы Моңғолия басшысына Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау аясында жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жүзеге асу барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар Палата спикері Президенттің биылғы жылдың тамыз айына парламенттік сайлаулар кезеңін жариялағанын атап өтіп, олардың қорытындысы бойынша бір палаталы Құрылтай құрылатынын жеткізді. Өз кезегінде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен және алда өтетін парламенттік реформамен құттықтады. Моңғолия басшысы атап өткендей, Қазақстан – Моңғолия үшін Орталық Азиядағы ең жақын серіктестердің бірі және өңір мемлекеттері арасындағы алтын көпір саналады. Ол сондай-ақ бұл сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық пен өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға, соның ішінде парламенттік дипломатия бағытында жаңа бірлескен жобаларға жол ашатынына сенім білдірді. Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері де талқыланды. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. Instagram Facebook YouTube TikTok Telegram
Президент Монголии посетил Мажилис

Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух, находящийся в Казахстане с государственным визитом, посетил Мажилис Парламента. На встрече с Председателем Палаты Ерланом Кошановым были обсуждены вопросы межпарламентского сотрудничества и укрепления взаимодействия между странами.

Приветствуя высокого гостя, Спикер Мажилиса поздравил Главу Монголии с получением высшей государственной награды – ордена «Алтын Қыран» из рук Президента Касым-Жомарта Токаева за личный вклад в развитие казахстанско-монгольских отношений.

Ерлан Кошанов также подчеркнул, что Монголия является надежным партнером Казахстана в Азии. При этом глубокие исторические связи казахского и монгольского народов, берущие начало со времен кочевых цивилизаций, в последние годы все более крепнут.

Председатель Мажилиса проинформировал Главу Монголии о ходе реализации политических реформ в Казахстане в рамках принятия новой Конституции. Он отметил, что Президентом уже объявлен период парламентских выборов на август текущего года, по итогам которых будет сформирован однопалатный Курултай.

В свою очередь, Президент Монголии Ухнаагийн Хурэлсух поздравил казахстанцев с принятием новой Конституции и предстоящей парламентской реформой.

Глава Монголии заявил, что Казахстан является для его страны одним из ближайших партнеров в Центральной Азии и Золотым мостом между государствами региона. Он также выразил уверенность, что нынешний визит еще больше укрепит дружбу и взаимовыгодное партнерство между Казахстаном и Монголией и откроет путь к новым совместным проектам, в том числе по линии парламентской дипломатии.

В ходе встречи были также затронуты вопросы укрепления торгово-экономических, транспортно-логистических, культурно-гуманитарных связей.

Подробнее на сайте mazhilis.parlam.kz.

Будьте в курсе! Подписывайтесь на Мажилис в социальных сетях.

Instagram* Facebook*
YouTube TikTok
Telegram
👏 2
👍 1
👎 1
517
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram