П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
21.04.2026 21:13
Мәжіліске Моңғолия Президенті келді

Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Парламент Мәжілісіне келді. Палата төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде парламентаралық ынтымақтастық мәселелері мен елдер арасындағы өзара байланысты нығайту жолдары талқыланды.

Мәртебелі мейманды қарсы алған Мәжіліс спикері Моңғолия басшысын қазақ-моңғол қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан ең жоғары мемлекеттік награда «Алтын Қыран» орденін алуымен құттықтады.

Ерлан Қошанов Моңғолия Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі екенін атап өтті.Сонымен қатар көшпелі өркениеттер дәуірінен бастау алатын қазақ және моңғол халықтары арасындағы терең тарихи байланыстар соңғы жылдары одан әрі нығайып келеді.

Мәжіліс төрағасы Моңғолия басшысына Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау аясында жүргізіліп жатқан саяси реформалардың жүзеге асу барысы туралы айтып берді. Сонымен қатар Палата спикері Президенттің биылғы жылдың тамыз айына парламенттік сайлаулар кезеңін жариялағанын атап өтіп, олардың қорытындысы бойынша бір палаталы Құрылтай құрылатынын жеткізді.

Өз кезегінде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен және алда өтетін парламенттік реформамен құттықтады.

Моңғолия басшысы атап өткендей, Қазақстан – Моңғолия үшін Орталық Азиядағы ең жақын серіктестердің бірі және өңір мемлекеттері арасындағы алтын көпір саналады. Ол сондай-ақ бұл сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық пен өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға, соның ішінде парламенттік дипломатия бағытында жаңа бірлескен жобаларға жол ашатынына сенім білдірді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері де талқыланды.

Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

Instagram* Facebook*
YouTube TikTok
Telegram
👏 2
👍 1
👎 1
428
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram