Мәжілісте өнеркәсіп, атом және тау-кен салаларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды
Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде депутат Бауыржан Смағұловтың төрағалығымен өнеркәсіп, атом және тау-кен салаларындағы реттелетін сатып алуларда қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды.
Отырысты ашқан Комитет хатшысы Бауыржан Смағұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық өндірісті дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету міндеттеріне үнемі назар аударатынына тоқталды.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу көлемі 32,7 трлн теңгені құрады. Елішілік құндылық көрсеткіші 53,2%-ға (17,4 трлн теңге) жеткенін айтты.
Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірлесіп елішілік құндылықты дамытудың тиімді моделін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды.
Жиында «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов, «Тау-Кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы Нариман Абсаметов, «Самұрық Энерго» АҚ қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Асқар Балтабаев баяндама жасады.
Талқылау барысында депутаттар кейбір компанияларда көрсеткіш көлемінің төмендеуінің себептері, тауар өндірушілер тізіліміндегі қазақстандық компаниялардың саны, жоғары технологиялық тауарлар өндірісін шоғырландыру жұмысына қатысты сұрақтар қойды. Сондай-ақ өңірлерде салынып жатқан жылу электр стансаларының энергетикалық блоктарының құрылысына, жергілікті өндірушілерден сатып алынатын тауар түрлеріне қатысты мәселелер көтерілді.
Жиынды қорытындылаған Бауыржан Смағұлов бірқатар ұсыныс пен міндетке ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, сатып алулардың ашықтығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету, отандық өндірушілермен жүйелі кооперацияны дамыту, импортты алмастыру саясатын нақты өндірістік жобалар арқылы іске асыру, сатып алулардағы делдалдық тізбектерді қысқарту мәселелері ұсынылды.
Тақырыптық отырыстың қорытындысы бойынша хаттама әзірленіп, мемлекеттік органдарға және мұнай-газ компанияларына жолданатын болады.
Толығырақ
mazhilis.parlam.kz сайтында.
Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.
Instagram* Facebook* YouTube TikTok Telegram
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram