П
ҚР Парламенті Мәжілісі
@mazhilis_kz
20.04.2026 16:14
ҚР Парламенті Мәжілісі Фото: Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысында сөз сөйледі Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты. Ерлан Қошанов қатысушыларды Ұйымның 20 жылдығымен құттықтады. Ол осы уақытта Парламенттік Ассамблея ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементіне айналғанын, мүше мемлекеттер арасындағы тиімді парламенттік өзара іс-әрекетті қамтамасыз еткенін атап өтті. Мәжіліс спикері әріптестерін жалпыреспубликалық референдумда қазақстандықтардың басым көпшілігі қолдаған жаңа Конституцияның негізгі ережелері туралы хабардар етті. – Президенттіктің алғашқы күндерінен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев маңызды саяси реформаларға бастамашы болды. Жаңа Конституция олардың логикалық нәтижесіне айналды. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша, Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру Ата заңның басты мақсаты ретінде бекітілді. Адамның мүдделеріне бағытталу принципі жаңа әрі терең мазмұнмен толықты. Адам, оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты құндылығына айналып отыр. Конституцияда Күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет теңгерімі бекітілді. Біз қос палаталы Парламенттен бір палаталы Парламентке өтеміз. Оған Құрылтай атауы берілді, оның мүшелері тек партиялық тізімдер бойынша сайланады, – деді Мәжіліс спикері. Ассамблея жұмысына тоқталған Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестіруді жақындастыру бойынша депутаттардың жүйелі және жемісті жұмыс атқарғанына назар аударды. Ассамблея қабылдаған модельдік заңдардың ауқымы өте кең, онда ұжымдық қауіпсіздіктен бастап терроризмге, экстремизмге, заңсыз есірткі айналымына және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекетке дейін қамтылған. Отырыс барысында делегаттар ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің қараша айындағы сессиясының шешімдерін, ұжымдық қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен қауіптеріне қарсы іс-әрекет жөніндегі шараларды, сондай-ақ ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы қызметінің 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысын талқылады. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. Instagram Facebook YouTube TikTok Telegram
Спикер Мажилиса выступил на заседании Совета Парламентской Ассамблеи ОДКБ

Делегация Парламента Казахстана во главе с Председателем Мажилиса Ерланом Кошановым приняла участие в заседании Совета Парламентской Ассамблеи Организации Договора о коллективной безопасности.

Ерлан Кошанов поздравил участников с 20-летием Организации. Он отметил, что за два десятилетия Парламентская Ассамблея стала важным элементом системы коллективной безопасности ОДКБ, обеспечивая эффективное парламентское взаимодействие между государствами-членами.

Спикер Мажилиса проинформировал коллег о ключевых положениях новой Конституции, поддержанной абсолютным большинством казахстанцев на общереспубликанском референдуме.

– С первых дней своего президентства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев инициировал важные политические реформы. Их логическим итогом стала новая Конституция. Высшей целью в ней, по инициативе Главы государства, закрепляется построение Справедливого и Прогрессивного Казахстана. Новым, более глубоким содержанием наполняется принцип человекоцентричности. Человек, его права и свободы становятся главной ценностью государства. Конституция закрепляет баланс – сильный Президент, влиятельный Парламент и подотчетное Правительство. Мы переходим от двухпалатного к однопалатному Парламенту. Он получил название Курултай и будет избираться только по партийным спискам, – сообщил Спикер Мажилиса.


Говоря о деятельности Ассамблеи, Председатель Мажилиса отметил слаженную и плодотворную работу парламентариев по сближению гармонизации национальных законодательств государств-членов ОДКБ. Спектр принимаемых Ассамблеей модельных законов весьма широк – от коллективной безопасности до противодействия терроризму, экстремизму, незаконному обороту наркотиков и транснациональной преступности.

На заседании делегаты обсудили ход реализации решений ноябрьской сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ, мер по противодействию вызовам и угрозам коллективной безопасности, а также Программы деятельности ПА ОДКБ о коллективной безопасности по сближению и гармонизации национального законодательства государств – членов ОДКБ на 2026–2030 годы.

Подробнее на сайте mazhilis.parlam.kz.

Будьте в курсе! Подписывайтесь на Мажилис в социальных сетях.

Instagram* Facebook*
YouTube TikTok
Telegram
👍 2
👎 1
👏 1
5 1K
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
П

ҚР Парламенті Мәжілісі

8.2K
Мәжілістің Telegram желісіндегі ресми арнасынан басты жаңалықтар, депутаттардың қызметі, түрлі жобалар және Парламент өкілдерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар туралы толық ақпарат ала аласыздар.
Открыть в Telegram