🇰🇿🇺🇸 «Даму» Қорында корпоратив басқару және тұрақты даму саласындағы сарапшы Ингрид Вандервельдттің қатысуымен халықаралық деңгейдегі воркшоп өтті.
Іс-шара халықаралық спикерлер бағдарламасы аясында Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды.
«Даму» Қоры Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бапаев Қазақстанда бизнесті дамыту үшін халықаралық стандарттар енгізудің маңызын атап өтті. Сөз соңында ол воркшоп қатысушыларын Ulttyq Ónim-IX көрмесіне шақырды.
Воркшопқа «Даму» Қоры мен «Атамекен» ҰКП кәсіпкер-клиенттері қатысты.
Корпоратив басқару мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің (CSR) заманауи тәсілдері талқыланды.
«Даму» Қоры халықаралық сарапшыларды тарта отырып, Қазақстанда бизнестің дамуына жағдай жасай отырып, кәсіпкерлік экожүйені дамытуды жалғастыруда.
❤2
👍1
2 8.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram