«Даму» Қоры шағын бизнесті қолдауға арналған бірыңғай «Іскер Аймақ» бағдарламасы аясында Еуразиялық банк, BCC Leasing және Нұр Лизинг-пен субсидиялау туралы келісімдерге қол қойды.
Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі, тамақ өндірісі, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ қолөнер салаларын қоса алғанда, басым бағыттардағы микро және шағын кәсіпкерлерді қолжетімді қаржыландырумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Бағдарлама аясында инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға алынған қарыздарды субсидиялау көзделген. Максималды сома — 200 млн теңгеге дейін, субсидиялау мерзімі — 3 жылға дейін. Мемлекет сыйақы мөлшерлемесінің 40%-ын өтейді.
📌 Кәсіпкерлерге қатысу үшін серіктестерімізге жүгіну қажет.
4 8.8K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram