🇰🇿 🇰🇷 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ бас кеңсесінде Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі мен Кореяның несиеге кепілдік беру қорының (KODIT) қатысуымен жүзеге асқан техникалық көмек жобасына бағалау (Monitoring & Evaluation) жүргізу аясында ұйымдастырылған KEXIM (Корея Республикасының экспорт-импорт банкі) өкілдерімен кездесу өтті.
Жобаны Корея Республикасының Үкіметі, EBRD сенім қоры (Korea Trust Fund) арқылы қаржыландырды. Мұнда KODIT кеңесші болса, KEXIM оны Корея тарапы тапсырмасы бойынша бағалайды.
Кездесу барысында тараптар жобаның іске асу барысын, тиімділігі мен қол жеткізілген нәтижелерін, сондай-ақ Қазақстандағы кепілдік құралының дамуына әсерін талқылады.
«Даму» Қоры халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты жоғары бағалайды және әріптестік қатынастарды одан әрі дамыту, тәжірибе алмасу үшін маңызды негіз ретінде қарастырады.
👏1
2 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram