«Даму» Қорының Басқарушы директоры Нұрбол Жаңабеков Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның Х отырысы аясында өткен «Қазақстан-Польша» бизнес-форумында спикер болды.
Сөз барысында ол Қордың кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі институты ретіндегі негізгі рөлін, сондай-ақ шағын және орта бизнестің қаржыға қолжетімдігін кеңейтуді көздейтін кепілдік-несие институтына жүргізіліп жатқан трансформацияны атап өтті. Сонымен қатар, ол «Даму» Қоры жанынан «Бәйтерек» холдингінің кәсіпкерлерге көмек көрсету үшін бірыңғай байланыс орталығын құруы, сондай-ақ ҚР аумағында бірлескен жобаларды іске асыру және кәсіпорындар ашу кезінде Қордың құралдарын қолдануды атап өтті.
Қолдау құралдары — кепілдік, жеңілдікпен несие беру және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.
Форум Қазақстан мен Польша арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту алаңына айналды.
❤3
1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram