📍 Бүгін Алматыда ЕҚДБ ұйымдастыруымен We Finance Code – әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру кодексі іске қосылды. «Даму» Қоры бұл бастамаға алғашқылардың бірі болып қосылды.
Іс-шараға Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Бапаев қатысты.
Өз сөзінде ол бүгінде қолдау алған әр екінші жобаны әйелдер жүзеге асыратынын және үлесі 49%-ға жеткенін атап өтті. Қор 137 мың жобаға шамамен 4,9 трлн теңгеге қолдау көрсеткен.
Әсіресе, өңірлердегі арулар қаржыға қол жеткізу оңай емес екеніне қарамастан бизнесін белсенді дамытып келеді.
Мұрат Мирқұрбанұлы қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтіп, нарық қатысушыларын Кодекстің бастамасына қосылуға шақырды.
«Даму» Қоры қаржыландырудан бастап оқыту мен тәлімгерлікке дейінгі қолдау құралдарын кеңейтуді жалғастыра береді.
👍1
1 1.9K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram