📢
Қазақстанда бизнестің салығы мен өсімпұл, айыппұлдары кешіріледі
2026 жылдың сәуір айынан бастап елімізде кәсіпкерлердің салық берешегіне рақымшылық жасау жоспарланған.
Бұл – салық берешегі бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды кешіру шарасы деп жазады
Tengrinews.kz.
🔹
Бұл рақымшылыққа кім ілігеді:
• микро және шағын бизнес субъектілері
• 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін берешек болған кәсіпкерлер
🔹
Нені кешіреді:
• салық өсімпұлдары
• міндетті төлемдер бойынша айыппұлдар
Негізгі салық қарызы кешірілмейді.
🔹
Негізгі шарт:
негізгі салық қарызын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтеу қажет
Осыдан кейін өсімпұлдар мен айыппұлдар автоматты түрде өтініш берусіз есептен шығарылады.
💡 Шара жаңа Салық кодексі аясында іске асырылуда және бизнеске қаржылай жүктемені азайтуды көздейді.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram