avatar
Фонд «Даму»
@funddamu
16.01.2026 18:46
Өңірлердегі кәсіпкерліктің дамуы тек идея ғана емес, сонымен қатар нақты қолдау құралдарына да тәуелді. «Іскер аймақ» бағдарламасы дәл осы – шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі шағын және микробизнесті қолдау үшін жасалған.

Бағдарлама несие аларда қаржылай жүктемені азайтуға көмектеседі:

✔️ қаржыландыру сомасы - 200 млн теңгеге дейін
✔️ мемлекет мөлшерлеменің 40%-ын субсидиялайды
✔️ қолдау мерзімі – 3 жылға дейін
✔️ кепілзат жеткіліксіз кезде «Даму» Қоры қарыз сомасының 85% дейін кепілдік береді

Қолдау тек қаржымен шектелмейді. Кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсынылып, ғимарат, жер телімін жалдауға жеңілдік жасалып, тегін онлайн оқу, консультация беріледі.

Шалғайдағы елді мекен халқына ыңғайлы болуы үшін «Даму» Қоры жылжымалы кеңселерді іске қоспақ. Олар жергілікті жерлерде консультация беріп, өтінім қабылдайтын болады.

Толық ақпарат - 1408 нөмірі бойынша.
6
2.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Фонд «Даму»

17.6K
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Открыть в Telegram