Кәсіпкерлерге арналған дайын бизнес-жоспарлар – damu.kz сайтында
«Даму» Қорының сайтында бизнес-жоспарлар мен оның қаржысын есептеген шаблондар Word, Excel және PDF форматында ілінген. Олардың көмегімен кәсіпкерлер мемлекеттік бағдарламаға қатысарда банкке жылдам жоба дайындай алады.
Солардың бір парасы – өндіріс пен қайта өңдеу саласындағы бизнес-жоспарлар. Оның ішінде:
✔️ Өндіріс және қайта өңдеу: гигиена заттары, бұранда, шеге, болттар, полимер қап, керамзит, кірпіш, газ-бетон, көбікті газ-блоктар, тротуар тақталары, металл парақтар, автоклавта газ-бетон шығару.
✔️ Тамақ өнеркәсібі: наубайхана мен кондитерлік дүкен ашу, нан-тоқаш өнімдерін пісіру, шұжық өнімдерін өндіру, жеміс-көкөністерді өңдеу.
✔️ Жеңіл өнеркәсіп: жұмыс киімдері мен балалар киімдерін тігу, жүн көрпелер жасау.
✔️ Экология және қайта өңдеу: қалдықтарды қайта өңдеу, ПЭТ бөтелкелер шығарып, қайта өңдеу.
✔️ Сондай-ақ өндірістік цехтарды кеңейту, жабдық сатып алу және басқа да бағыттардағы жобалар бар.
Бұл шаблондардың барлығын
damu.kz веб-сайтынан жүктеп алып, өз жобаңызға бейімдеуге болады.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram