«Даму» қорының кәсіпкерлерге арналған өзекті қаржы құралдары
Егер банктен несие алар кезде кәсіпкерлердің кепілзаты жеткіліксіз болса «Даму» Қоры бірнеше түрлі кепілдік қсынады:
✔️ ШОБ үшін кепілдік - несие сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды
✔️ Қаржы көлемі 7 млрд теңгеден асатын ірі инвест. жобалар үшін кепілдік - жоба құнының 30%-на дейін
✔️ Сауда саласындағы кәсіпкерлер үшін кепілдік - несие сомасының 85% дейін
✔️ Егіс және егін жинау жұмыстарына кепілдік - несие сомасының 85%
✔️ Агробизнеске арналған кепілдік - негізгі қарыз сомасының 85% дейін (қаржыландыру сомасына байланысты)
Сондай-ақ, кәсіпкерлер «Өрлеу» бағдарламасы аясында жеңілдікпен несие ала алады. Оның мөлшерлемесі жылына 12,6%-дан аспайды, лизинг мәмілелері үшін 17%-дан аспайды, ислами қаржыландыру үшін – «ADCB» «Ислам Банкі» АҚ арқылы 12,6%-дан аспайды.
Сауда саласындағы шағын бизнес үшін субсидия да көзделген. Алайда қазір ҚР ҰЭМ және ҚР Сауда және интеграция министрлігімен рәсімдер жүргізіліп жатқандықтан өтінім қабылдау уақытша тоқтап тұр. Қайта басталғанда Қордың ресми ресурстарында қосымша хабарлаймыз.
Бағдарламалар жайлы толық ақпаратты «Даму» Қорының филиалдарынан немесе 1408 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.
❤2
1 2.8K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram