avatar
Фонд «Даму»
@funddamu
31.12.2025 17:40
Жылды қорытындылай келе, «Даму» Қоры үшін былтыр маңызды кезең болғанын атауға болады.

Мемлекеттік қолдау құралдары аясында Қор 12,7 мыңнан астам жобаға жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеден астам қолдау көрсетті. Сөйтіп елдің бар өңірінде өндіріс, логистикадан бастап білім мен денсаулық сақтауға дейінгі экономиканың негізгі секторларын қамтыды.

Кепілдік беру механизмі аясында кәсіпкерлердің мыңдаған жобасы қаржы алды. Оның негізгі көлемі микро және шағын бизнестің үлесінде. Жеңілдікпен қаржыландыру ШОБ-тың жаңғырып, кеңеюіне мүмкіндік берсе, субсидия кәсіпорындарды одан әрі орнықты ете түсті.

Қаражаттың көп бөлігі инвестицияға – жаңа өндірістерді іске қосып, қуатын арттырып, бизнестің ұлғаюына жұмсалды. Бұл – өңірлерде жұмыспен қамту, экономикалық белсенділікке тікелей әсер етеді.

2026 жылы «Даму» Қоры қаржыландыруды оңтайлы етуге, цифрлық шешімдерге және бизнеспен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға ерекше назар аудара отырып, кәсіпкерлікті қолдау құралдарын дамытуды жалғастыра бермек.
1.9K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Фонд «Даму»

17.6K
Қордың миссиясы - елдегі МШОБ-ты тұрақты дамытуға арналған қолдау құралдарын жүзеге асыру.

Миссией Фонда является реализация комплексных и эффективных инструментов поддержки в целях устойчивого развития ММСП в Казахстане.
Открыть в Telegram