✈️ 🧒👩 Air Astana оқушыларға арналған жол жүру гранттарын ұсынады
🙌 «Жас Қыран» әлеуметтік бағдарламасы аясында Air Astana әуекомпаниясы Халықаралық
зияткерлік және спорттық жарыстар мен олимпиадаларға қатысу мақсатында 7 жастан 17
жасқа дейінгі дарынды балаларға қолдау көрсетеді.
Ай сайын Air Astana конкурстық негізде 5 жол жүру грантын береді. Грант балаға және бір
еріп жүретін адамға тасымалдаушының халықаралық бағыттары бойынша барып-келу
авиабилеттерін қамтиды.
Бағдарламаға қатысу үшін ұшу күнінен 2 ай бұрын
zhaskyran@airastana.com электрондық
поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:
1)
airastana.com сайтында «Біз туралы» - «Әлеуметтік жауапкершілік» бөліміндегі
қатысуға толтырылған өтінім.
2) Халықаралық конкурсқа/жарысқа/Олимпиадаға ресми шақыру.
3) Өзіңіз туралы және Air Astana грантына неге лайықты екеніңіз туралы 1-минуттық
бейнежазба.
📅 Өтінімдер әр айдың 20 күніне дейін жеке қабылданады және тәуелсіз қазылар алқасының
мүшелерімен бағаланады.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram