Oracle АҚШ-тағы TikTok алгоритмін басынан қайта үйретеді
Oracle TikTok-тың ұсыныс алгоритмінің көшірмесін алып, оны АҚШ қолданушылары үшін
басқаратын болады.
👀 Мұндай қадам АҚШ пен Қытай арасындағы алдын ала келісім аясында қарастырылғаны айтылуда.
Яғни, америкалық корпорация TikTok қолданушыларының деректерін өз бұлттық инфрақұрылымында сақтап қана қоймай, ұсыныс алгоритмін де «нөлден» қайта үйретпек. Бұл қадам ByteDance активтерін бөлу аяқталғаннан кейін америкалық инвесторлардың жүйе үстінен толық бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.
Бірлескен кәсіпорынға Oracle-мен бірге Silver Lake Partners, сондай-ақ Руперт Мердок пен Майкл Делл кіруі мүмкін. АҚШ әкімшілігі жоба капиталына немесе басқаруына қатыспайды, бірақ президент Дональд Трамп алдағы күндері мәміленің ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін растайтын жарлыққа қол қоюы күтілуде.
😵💫 «Нөлден қайта үйрету» туралы тұжырым кейбір қолданушылардың алаңдаушылығын туғызды: олар алгоритм тиімділігін жоғалтып алуы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен сарапшылардың айтуынша, бұл ымырашыл шешім TikTok-тың АҚШ-та жұмысын сақтап қалуға және Вашингтонның негізгі талаптарын орындауға мүмкіндік береді.
ByteDance жаңа серверлерге де, жаңартылған алгоритмге де қол жеткізе алмайды.
🤷 Соңғы мәміле әлі де реттеуші органдардың мақұлдауын қажет етеді, ал жаңартылған ұсыныс жүйесінің енгізілу мерзімдері әзірге белгісіз.
#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Oracle #TikTok
TSARKA қолдауымен
BlueScreen | Digital Kazakhstan
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram