avatar
BlueScreen QAZ🇰🇿
@bluescreenqaz
23.09.2025 07:00
🧑‍🎓 OpenAI Қазақстанда жаңа буындағы ChatGPT пилоттық жобасын іске қосады

OpenAI компаниясы алғаш рет білім беру саласында жаңа буындағы ChatGPT пилоттық жобасын бастайды, және бұл жоба ең алдымен Қазақстанда жүзеге аспақ.

Бұл туралы Нью-Йоркте өткен іс-шарада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады. Оның айтуынша, жоба аясында ChatGPT-тің екі нұсқасы жасалады — оқытушыларға және студенттерге арналған.

👩‍🏫 Оқытушылар үшін нұсқа толыққанды цифрлық көмекші болады: материалдарды талдап жинайды, курстарды әзірлеуге көмектеседі, үй тапсырмаларын тексереді және басқа да рутиналық жұмыстарды атқарады.

🎓 Студенттер мен оқушылар үшін нұсқа жеке ментор форматында әзірленеді: оқу процесін құрылымдайды, тапсырмаларды еске салады және дербес тәсіл ұсынады.

«Ақыры бүкіл академиялық қауымның арманы орындалады — біз әрқашан айтып келген білімді жекелендіру құралы пайда болады. ЖИ-дің көмегімен мұндай мүмкіндік туып отыр. Ең керемет жаңалық — бұл пилоттық жоба Қазақстанда іске қосылады», — деді министр.


OpenAI-дың білім беру және мемлекеттік институттармен ғаламдық серіктестіктер жөніндегі жетекшісі Кевин Миллс компания Қазақстан Президентінің жасанды интеллектіні дамытудағы «батыл амбицияларын» қолдауға дайын екенін атап өтті.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#OpenAI #ChatGPT

TSARKA қолдауымен

emoji BlueScreen | Digital Kazakhstan
1
👍 1
🔥 1
31

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram