Қазақтелеком Amazon-ның бір бөлімшесімен серіктес атанды
Дәлірек айтсақ, Қазақстанда Amazon Kuiper-дің коммерциялық дистрибьюторы болады.
Стратегиялық келісім БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қол қойылды.
Әңгіме — интернетке қол жеткізудің спутниктік технологиялары туралы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақтелеком елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуды жалғастырып, алыс аймақтарды да жоғары жылдамдықты интернетке қосуда. Amazon Kuiper өз спутниктік жүйесіне (жоспар бойынша орбитада 3000-нан астам аппарат) қол жеткізуді қамтамасыз етеді және Алматы, Ақкөл мен Ақтауда жерүсті инфрақұрылымын салуға шамамен $200 млн инвестиция құяды.
Бұл — MAGAM деңгейіндегі (Microsoft, Apple, Google, Amazon, Meta) технологиялық компанияның Қазақстанға жасаған алғашқы инвестициясы.
#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Amazon #Қазақстан
TSARKA қолдауымен
BlueScreen | Digital Kazakhstan
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram