«БҰҰ уақыт талабына сай келмейтін идеялар мен ұстанымдардан арылу қажет» - Президент
«Біріккен ұлттар ұйымы уақыт талабына сай келмейтін идеялар мен ұстанымдардан арылу қажет». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда осылай деді. Оған халықаралық сын-қатерлер шиеленіскен тұста келіссөздердің ұйым алаңынан тыс, жекелеген елдерде өтіп жатқаны дәлел. Ал ұйым өкілдерінің араағайындыққа шақырғанын тіпті көрмейміз. Өте өзекті халықаралық мәселелердің шешілуіне Қауіпсіздік Кеңесінің өзі тікелей кедергі келтіріп отыр. Ондағы ірі державалардан көрі, Қазақстан мен Түркия секілді елдердің жауапкершілігі жоғары. Оны дипломатиялық іс-әрекетімізден көруге болады, -деді президент.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram