avatar
AstanaTV
@astana_arnasy
15.04.2026 19:21
Атырауда бір түнде бір жарым айлық мөлшерде жаңбыр жауды

Түні бойы төпеп жауған нөсер салдарынан электр желілері үзіліп, бірнеше ықшамаудан жарықсыз қалды. Соның салдарынан 3 мектеп онлайн оқуға ауысты. Көшелер суға толып, адам түгілі, көлік жүруге қиындық тудырды.  Коммуналдық мекеме мамандары су басқан  көшелерді  тазалап үлгере алмай, түн ортасында жеке вакуум көліктері жұмысқа шақырылды.109 бірыңғай байланыс нөміріне 400-ге жуық шағым түскен. 41 вакуум көлігі 10 мыңнан астам текше метр жаңбыр суын шығарды.
2 147

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram