avatar
AstanaTV
@astana_arnasy
14.04.2026 20:11
Туған күн мен отбасылық шараларға жиналған ақша үшін мобильді аударымдар тексерілмейді

Туған күн мен отбасылық шараларға жиналған ақша салық нысанына жатпайды. Бұл санаттағы аударымдар кәсіпкерлік қызмет болып саналмайды. Сондықтан олар үшін алаңдауға негіз жоқ. Дегенмен бақылаудың өз талаптары бар. Егер азаматтың картасына үш ай қатарынан, ай сайын жүзден астам түрлі адамнан ақша түссе және оның жалпы сомасы бір миллион теңгеден асса, жүйе мұны бизнес ретінде бағалайды. Айта кетейік, қазір елде мобильді аударымдарды тексеру процесі жүріп жатыр және ол 15 сәуірге дейін жалғасады.
3 149

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram