avatar
АФМ Channel
@afm_rk
22.07.2026 05:42
Заңсыз тәлімбақтан Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс алынды

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жыртқыш құстарды заңсыз иемдену және ұстау фактісі бойынша жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бастап «Құсбегілік» федерациясының және Қазақстанның ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі бола отырып, Қарағанды қаласындағы өз үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған.

Аңшылық, қыран құстарды күтіп-баптау және емдеу тақырыбына арналған Instagram* парақшасы арқылы ол табиғи мекендеу ортасынан заңсыз алынған сирек жыртқыш құстарды жеткізіп беретін адамдармен байланыс орнатқан.

Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс анықталып, тәркіленді.

Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Аталған құстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады.

Күдікті қамауға алынды.

Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта құстар уақытша Қарағанды қаласының хайуанаттар бағында.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.


Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/xHqQS3iGLQjuXA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
Facebook* |
Instagram* | TikTok
3 1.7K
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

АФМ Channel

11.9K
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Открыть в Telegram