Алтынды өңдейтін жасырын цех Ақмола
облысында анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен
Шортанды ауданы аумағында бағалы
металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты.
Жедел-іздестіру шаралары барысында құрамында алтыны бар кенді өңдеуге және бағалы металдарды бөліп алуға арналған жасырын цех анықталды.
Кенді ұсақтауға және балқытуға арналған жабдық, салмағы 446 грамм алтын құймасы, 4 тонна алтын құрамды материал, 6 келі сынап, сондай-ақ 2 млн теңгеден астам және 8 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленді.
Тінту барысында қару мен оқ-дәрілер табылды.
Қазіргі уақытта заңсыз қызметке қатысы бар барлық тұлғалар, сондай-ақ заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі анықталуда.
Ұйымдастырушы қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/3V--ZhRwBr-i7w
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
Facebook* |
Instagram* |
TikTok
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram