Мемлекет басшысы моңғол әншісінің Silk Way Star конкурсында көрерменнің ықыласына бөленгенін айтты
Биыл Моңғолияда Study in Kazakhstan білім жәрмеңкесі өткізіледі. Бұл туралы Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхпен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
- Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланысқа да мән бердік. Былтыр Астанада өткен Silk Way Star халықаралық вокалдық конкурсында моңғолия әншісі, аты – Мишель бірінші орын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай жобалар халықтарымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байланысын бекемдейтіні сөзсіз, - деді Мемлекет басшысы.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram