avatar
Qazaqparat
@QazAqparat_kz
21.04.2026 10:52
Мүгедектігі бар жандарды баспанамен қамтамасыз ету талаптары қандай

Бүгін Үкімет отырысында инклюзивті саясатты жүзеге асыру шараларын талқылау кезінде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов баспанамен қамтамасыз ету тетіктерін түсіндірді.

- Министрлік мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту мақсатында барлық нысан мен қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Адам өмір сүретін орта, яғни өмірі мен қозғалысына қатысты барлық жағдай ыңғайлы әрі кедергісіз болуы керек. Жаңа қабылданған Құрылыс кодексінде бұл талаптар күшейтілді. Енді қолайлы орта барлық кезеңде: қаланы жоспарлау, жобалау, құрылыс барысында және нысанды пайдалануға беру кезінде қарастырылады. Осылайша, қолжетімділік талаптары жобалау кезеңінен бастап ескеріліп, құрылыс кезінде міндетті түрде сақталады. Бұдан бөлек, нысанды пайдалануға беру кезде әлеуметтік қорғау органдары қатысып, оның мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаншалықты ыңғайлы екенін тексереді, - деді Қ.Қажкенов.


@qazaqparat_kz
178

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqparat

12K
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Открыть в Telegram