Көмір электр станцияларынан зиянды газ бөлінуі 34%-ға дейін қысқарады
Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту жоспарланып отыр, деп жазды Энергетика министрлігі.
– Ұлттық жоба аясында жаңа электр станцияларын салу және қолданыстағы станцияларды заманауи экологиялық шешімдер негізінде жаңғырту көзделген. Түтін газдарын тазартуға арналған заманауи жабдықтар, оның ішінде электрофильтрлер, қап сүзгілер, селективті каталитикалық қалпына келтіру жүйелері және десульфурация қондырғылары орнатылады, – делінген мәліметте.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram