🎾
Елена Рыбакина екінші рет Штутгарт турнирінің финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингіде 9-орындағы ресейлік Мирра Андреевамен шеберлік байқасты.
Бір сағат 17 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 7 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Андреева 3 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.
Елена Рыбакина финалда рейтингіде 12-орындағы чехиялық Каролина Муховамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram