Жаһандық қақтығыстарды шешудің жолы- дипломатия
Халықаралық арнамыз - Silk Way-ге сұхбат берген Солтүстік Македония президенті осылай деді. Гордана Силяновская-Давкова осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесін атап өтті.
«Мен Тоқаев мырзаның дипломатиялық тәжірибесі бай екенін білемін. Ол өзінің ғұмырын Біріккен ұлттар ұйымында бейбітшілік үшін күреске арнаған сынды. Қалай дейсіз бе? Дипломатия арқылы. Қазір білікті дипломаттар көп. Бірақ көп жағдайда олардың пікірі сұранысқа ие бола бермейді. Сондықтан біз дипломатияны күшейтіп, дипломаттардың әлеуетін белсенді қолдануымыз керек. Бұл болашақ үшін керек», – деді Солтүстік Македония Президенті.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram