avatar
Qazaqparat
@QazAqparat_kz
16.04.2026 19:46
Атырауда Жем өзенінде су деңгейі түсіп жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданының аумағынан өтетін Жем өзенінің деңгейі күніне 2-5 сантиметр аралығында түсіп келеді. Биыл ауданда өзен деңгейі 171 сантиметрге дейін ғана көтерілген.

Бүгінде Жем өзеніндегі су деңгейі — 161 см, ал қалыпты деңгей – 130 см. Жылыой ауданы әкімінің сөзінше, тасқын қаупі артта қалды.

- 1993 жылы Құлсары қаласы су астында қалды. Ол кезде тасқын сәуір айының 17-18-інде болған. Ал 2024 жылы өр суы наурыз айының соңынан бастап сәуір айының 8-іне дейін жалғасты. Қазір судың деңгейіне қарап отырмыз. Ақтөбе облысындағы әріптестерімізбен байланыстамыз. Ол жақта судың көтерілуі жоқ. Себебі, түскен қар еріген. Өзіміз Мұғалжар ауданына барып, таудың етегінде болып, қардың деңгейін қарап келдік, - деді аудан басшысы Жұмабек Қаражанов.


@qazaqparat_kz
199

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqparat

12K
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Открыть в Telegram