Түркия Анталия дипломатиялық форумына дайындалып жатыр
Ертең Түркияда Анталия дипломатиялық форумы жұмысын бастайды. Осымен бесінші мәрте өтетін үш күндік халықаралық іс-шара «Болашақты жоспарлау, белгісіздікті басқару» тақырыбына арналып отыр.
ADF2026 форумында бас қосатын әлем көшбасшылары, саясаткерлер мен дипломаттар, ғалымдар мен бизнес саласының сарапшылары белгісіздікті басқарудың тиімді жолдарын қарастырып, алдағы сын-қатерлерге дайындық барысында туындайтын өзекті мәселелерді шешу тәсілдерін талқыламақ.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram