avatar
Qazaqparat
@QazAqparat_kz
14.04.2026 16:02
Павлодар облысында мұз құрсауынан құтқарылған аққулар айдынына оралды

Павлодар облысында қыс ортасында мұзға жабысып, аязда қалған қос аққу өз мекені Сұлусор көліне қайта оралды.

Қос аққудың оқиғасы қыста басталған болатын. Құстардың бірі мұзға жабысып қалып, сыңары оны тастамай жанында жүрген жерінен ауыл тұрғыны Бауыржан Жақыпов тауып алған. Бауыржан Жақыпов аққуларды өз үйіне әкеліп, олардың қыстап шығуына бар жағдайды жасады.

Волонтердің айтуынша, құстарды бағу барысында қиындықтар да болған. Алайда халықтың аманатын арқалаған Бауыржан құстарды көктемге дейін аялап бақты. Ол аққуларға «Мәңгілік махаббат» деген есім берді.

@qazaqparat_kz
1 193

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqparat

12K
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Открыть в Telegram