avatar
Qazaqparat
@QazAqparat_kz
14.04.2026 14:40
Қызылордалық полицей екі жасөспірімді өрттен аман алып қалды

Сағат шамамен 10:30–да Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған. Жағдай күрделі еді. Сол маңнан өтіп бара жатқан полиция қызметкері Нұржан Нағашыбай дереу жағдайды бағалап, еш ойланбастан өрт ошағына қарай бет алды.

Төтенше қызметтердің келуін күтпей-ақ ол түтінге толы пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кірісті.

— Пәтер ішінде ұйықтап жатқан екі бала болған. Полицей оларды оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, тілсіз жаудан аман алып қалды. Оның батыл әрі жанқиярлық әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, балалар құтқарылды, — делінген хабарламада.


@qazaqparat_kz
1
1 203

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqparat

12K
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Открыть в Telegram