Газ өндіру қуатын арттыру қажет — Үкімет басшысы
Елдің энергия ресурстарына деген сұранысын қанағаттандыру үшін газ өндіру қуатын арттыру қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
— Мұнай өндірудің жоспарлы деңгейін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігіне ірі жер қойнауын пайдаланушылармен өндіріс көлемін ұлғайту шаралары бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырамын. Елдің энергия ресурстарына деген сұранысын қанағаттандыру үшін газ өндіру қуатын арттыру қажет. Энергетика министрлігіне QazaqGaz және ҚазМұнайГаз компанияларымен бірлесіп, биыл Қашағанда көлемі 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтауды, ал келесі жылдын басында Жаңаөзендегі зауытты пайдалануға беруді тапсырамын, — деді ол.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram