Биыл 76 млн тонна мұнай экспортталады - Ақкенженов
Еліміз биыл 76 млн тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты.
- Биыл қаңтар-наурыз айларында мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 19,7 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 80,2 пайызды құрады. Қарашығанақта шикі газды кері айдаудың 6-компрессорын іске қосу жұмыстары жалғастып жатыр. Бұл мұнай өндірісін 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді, - деді министр.
Сондай-ақ ол ірі жер қойнауын пайдаланушылармен мұнай өндірісін арттыру шаралары туралы келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
- 3 айдың қорытындысы бойынша мұнай экспорттау 15,3 млн тоннаны құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 78,5 пайызға орындалды. 2026 жылға болжам – 76 млн тонна, - деді Ерлан Ақкенженов.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram