Аустралия армиясын алғаш рет әйел басқарады
Аустралия Қарулы күштері басшылығындағы өзгерістерге байланысты біріккен Күштердің қазіргі бастығы генерал-лейтенант Сьюзан Койл 2026 жылдың шілде айынан бастап Құрлық әскерін басқарады.
55 жастағы Сьюзан Койл генерал-лейтенант Саймон Стюарттың орнына келіп, Аустрия тарихындағы Қарулы күштерді басқарған алғашқы әйел болмақ.
- Шілде айынан бастап бізде Аустралия армиясы тарихындағы алғашқы әйел штаб бастығы болады, - деді премьер-министр Энтони Албаниз өз мәлімдемесінде.
Койлдың тағайындалуы Аустралия қорғаныс күштері қатарындағы әйел-офицерлер санын көбейтуге бағытталған шаралар аясында жүзеге асты.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram