Қазақстанның жаңа ғарыш бағдарламасы халықаралық трендтерді ескере отырып қалыптастырылады
Қазақстанның ғарыштағы ғылыми зерттеулер мен сынақтардың алтыншы бағдарламасының жобасы қазіргі уақытта пысықталып жатыр. Бұл туралы Аэроғарыш өнеркәсібі комитетінен мәлім етті.
Агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта алтыншы ғарыш бағдарламасы қолданбалы тиімділікке басымдық бере отырып пысықталу үстінде екені айтылады.
— Қазіргі уақытта Қазақстанның ғарыштағы ғылыми зерттеулер мен сынақтардың алтыншы бағдарламасының жобасы мүдделі ұйымдардың қатысуымен пысықталу үстінде. Бағдарлама заманауи технологиялық мүмкіндіктерді, халықаралық ғарыш саласындағы қазіргі үрдістерді және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамыту басымдықтарын ескере отырып қалыптастырылып жатыр, — деді комитеттен.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram