avatar
Qazaqparat
@QazAqparat_kz
13.04.2026 18:43
Оралда автокөлік өртеніп, 16 жастағы жасөспірім күйік жарақатын алды

Орал қаласында «Аяжан» сауда үйі жанында «Лада Гранта» автокөлігі отқа оранды.

Салдарынан жалын екінші автокөлікті шарпыған. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, жасөспірім «Лада Грантадан» шығып үлгеріп, аман қалған.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 10 сәуір күні кешкісін болып, екі жеңіл автокөлік өртенді.

- Оқиға орнында «Лада Гранта» автокөлігінде болған 2010 жылғы жасөпірім 9 пайыз күйік жарақатын алды. Ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Өрт толықтай сөндірілді, - деп хабарлады ведомстводан.


@qazaqparat_kz
222

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqparat

12K
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Открыть в Telegram