avatar
Qazaqparat
@QazAqparat_kz
11.04.2026 15:48


Президент тарихи тығыз байланыстар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың мызғымас іргетасы екенін еске салды

– Екіжақты қарым-қатынасымыздың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілуіне, құрметті Шавкат Миромонович, Сіздің қосқан үлесіңіз зор. Қазақстан ең жақын көрші әрі одақтас ел ретінде Сіздің парасатты басшылығыңызбен жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістерді толық қолдайды. Өзіңіз белгілеген стратегиялық бағдар арқылы халқыңыздың әл-ауқаты ұдайы жақсарып, ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар іске асырылуда. Бұл жетекші қаржы институттарының рейтингінде оң бағаланып, еліңіздің халықаралық аренадағы беделі артып келеді. Сіздің ұлттық мүддені көздейтін дәйекті саясатыңыз Өзбекстанның, сондай-ақ тұтас аймақтың одан әрі өсіп-өркендеуіне ықпал етеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


emojiМемлекет басшысы Қазақстанда жаңа Конституция қабылдануына байланысты Өзбекстан көшбасшысының құттықтау жолдағанына алғыс айтты. Президент осы тарихи оқиға кезінде шет мемлекеттер басшылары арасынан Шавкат Мирзиёев алғашқы болып құттықтағанын жеткізді.

@qazaqparat_kz
147

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Qazaqparat

12K
Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.
Открыть в Telegram