Өзбекстанда кешіккен пойыздардың жолаушыларына өтемақы төленуі мүмкін
Өзбекстанда кешіккен пойыздардың жолаушыларына өтемақы төлеу механизімі енгізілмек. Тиісті заң жобасын елдің Көлік министрлігі әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.
Өтемақы тасымалдаушының кінәсіне байланысты кешіктірілген пойыздардың жолаушыларына беріледі. Жобаға сәйкес, азаматтарға қайтарылатын соманы төмендегідей бекіту ұсынылады:
— 15 минуттан 30 минутқа дейін кешіктірілген жағдайда билет құнының 15%-ы өтеледі;
— 31 минуттан 60 минутқа дейін — 25%;
— 61 минуттан 120 минутқа дейін — 50%;
— 121 минуттан көп — 100%.
@qazaqparat_kz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram