avatar
POLISIA.KZ
@POLICE_of_KZ
27.07.2026 12:48
Коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болыңыз!

Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу.

Алаяқтар әдетте:

– жылу есептегішін тіркеу керек;

– өтініш қалдырғансыз;

– құжаттарыңызды жаңарту қажет;

– берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз
деген сияқты сылтаулар айтады.

Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды.

SMS-код арқылы алаяқтар:

– банк қосымшасына кіруге;

– мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге;

– сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.

Өзіңізді қорғау үшін:

телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз;

SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз;

күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;

бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз.

Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады.

Егер осындай қоңырау түссе:

әңгімені бірден тоқтатыңыз;

кодты айтпаңыз;

жақындарыңызға ескертіңіз;

алаяқтық әрекет болған жағдайда полицияға хабарласыңыз.

Сақ болыңыз! Бір ғана SMS-кодты айтып, барлық қаражатыңыздан айырылып қалмаңыз.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

POLISIA.KZ
7 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

POLISIA.KZ

29.2K
Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Открыть в Telegram