avatar
POLISIA.KZ
@POLICE_of_KZ
24.07.2026 16:18
Өскеменде патрульдік полицейлер пәтерден шыққан өртті сөндірді

Жедел басқару орталығына қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына дереу “Қыран-23” патрульдік полиция экипажы — Дастан Маратов пен Ерік Габдуллин жетті. Көрсетілген мекенжайға барған тәртіп сақшылары кіреберіс есіктің ашық екенін және бөлмелерден қою түтін шығып жатқанын байқап, бірден ішке кірген.

Олар бөлмелердің бірінде жиһаздың жанып жатқанын көріп, өрт сөндіру қызметінің келуін күтпестен, қолда бар құралдарды пайдаланып, жалынды сөндіруге кірісті.

Батыл әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт бірнеше минут ішінде толықтай ауыздықталып, оның бүкіл пәтерге таралуына жол берілмеді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полицейлердің жедел әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде ірі материалдық шығынның және ауыр зардаптардың алдын алу мүмкін болды.

Полиция азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – адам өмірі мен мүлкін қорғаудың, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алудың басты кепілі.

БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

POLISIA.KZ
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

POLISIA.KZ

29.2K
Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Открыть в Telegram