avatar
ҚР СІМ Ресми өкілі
@MFA_Spokesperson1
28.08.2026 06:29
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми өкілінің арнасына қош келдіңіздер!

Бүгін қазақстандық азаматтардың назарын мына мәселеге аударғымыз келеді.

Соңғы уақытта визасыз режим шарттарын сақтамауына байланысты отандастарымыздың Малайзияға кіруіне рұқсат берілмеген жағдайлардың жиілегені тіркелді.

Малайзияға туристік мақсатпен немесе қысқа мерзімді іссапар аясында баратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз режим белгіленген.

Алайда кейбір азаматтар аталған режимнің шарттарын бұзып, бұл елге ұзағырақ мерзімге немесе өзге мақсаттармен, соның ішінде қысқа мерзімді оқу курстарынан өту немесе емделу үшін кіреді.

Болу мерзіміне қатысты шектеуді айналып өту үшін «визаран» (visa run) деп аталатын тәсіл қолданылады – ол 30 күндік мерзімді қайта бастау мақсатында көрші елге қысқа уақытқа шығып, дереу Малайзияға қайта оралу әрекеті.

Мұндай тәсілмен елде болу мерзімін ұзарту Малайзияның көші-қон заңнамасының талаптарын бұзушылық болып табылады және елге қайта кіруге кепілдік бермейтінін ескертеміз. Биылғы жылы Малайзия өз шекаралық бақылауын күшейтті. Шетел азаматының елге кіруіне рұқсат беру туралы шешімді Малайзияның иммиграциялық органдары паспорттық бақылаудан өту кезінде тікелей қабылдайды. «Визаран» жасауға әрекеттенген жағдайда азамат ұсталып, әуежайдағы шетелдіктерді уақытша ұстау иммиграциялық орталығына орналастырылып, кейіннен Малайзия аумағынан депортациялануы мүмкін.

ҚР СІМ азаматтарды визасыз болудың белгіленген мерзімдері мен шарттарын қатаң сақтауға, иммиграциялық талаптарды алдын ала нақтылауға және сапар мақсатын ескеруге шақырады.

Иммиграциялық бақылаудан өту кезінде сапардың нақты мақсатын көрсету, сондай-ақ елде заңды түрде болуға рұқсат етілген мерзім шегінде Малайзиядан әрі қарай ұшуға арналған авиабилеттерді алдын ала сатып алуды және сапардың мақсатын, тұратын жерін әрі болжамды мерзімін растайтын құжаттарды міндетті түрде өзіңізбен бірге алып жүру қажет.

Тиісті рұқсаттарды ресімдеуді талап етуі мүмкін тілдік және өзге де білім беру бағдарламаларынан өту үшін балаларымен бірге шетелге шығатын азаматтар бұл ақпаратқа ерекше назар аударуы қажет.

@MFA_Spokesperson1
1 1.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

ҚР СІМ Ресми өкілі

111
Telegram-парақша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкіліне тиесілі.

ҚР СІМ-нің ресми өкілі – Жанболат Үсенов.

Мұнда түсініктемелер, мәлімдемелер және брифингтер жарияланады.
Открыть в Telegram