avatar
Kommentator_Maulen
@Kommentator_Maulen
05.03.2026 21:25
“Қайрат” түлегі “Ертіс” ойыншысы атанды

24 жастағы Арсен Бораншиев жаңа маусымда павлодарлық “Ертіс” намысын қорғайды.

Жартылай қорғаушы футболдағы алғашқы қадамын “Қайрат” ФК академиясында бастаған. Арсен алматылық клубтың барлық жүйесінде өнер көрсеткен ойыншылардың бірегейі.

Бораншиев 2025 жылғы маусымды петропавлдық “Қызылжарда” өткізді. Онда ол барлық турнирлерде 21 матчқа қатысты.

Бұған дейін “Қайрат” түлегі ақтаулық Каспиймен ОЖЖ өткізді. Алайда бапкерлік штаб Арсенның көмегіне иек артпайтынын жеткізіп, оның басқа команда қарастыруына кеңес берген. Іздестіре келе, Бораншиевтің таңдауы “Ертіске” түскенін көріп отырмыз.
18
👍 10
3.8K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Kommentator_Maulen

20.3K
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты.

Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл

Жарнама бойынша: +77786243499
Открыть в Telegram