�� Роналдудың 81 миллион долларлық ұшағы Мадридке қонды
Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне жасалған дрон шабуылдары мен Таяу Шығыстағы шиеленіс Криштиану Роналдуды да алаңдатып қойған сыңайлы.
��
Не болды?
Flightradar24 мәліметінше, Португалиялық шабуылшының люкс
Bombardier Global Express ұшағы түн ортасында Сауд Арабиясы астанасынан шұғыл аттанып, Мадридке қонған.
��
Сапар мәліметтері:
Уақыты: Сағат 20:00-де ұшып, 7 сағаттан соң Испанияға жетті.
Себеп: Аймақтағы зымыран соққылары мен қауіпсіздік деңгейінің төмендеуі.
Бортта кім болды? Роналду мен оның отбасының (Джорджина мен 5 баласы) ұшақ ішінде болған-болмағаны әзірге нақты белгісіз.
⚠️
Ахуал күрделі:
Бұған дейін Рио Фердинанд Дубайдағы зымыран қаупінен кейін отбасымен таса жерге тығылғанын айтқан болатын. Қазір аймақтағы көптеген шетелдік азаматтар қауіпсіз жер іздеп жатыр.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram