avatar
Kommentator_Maulen
@Kommentator_Maulen
02.03.2026 21:56
Ақсүйектер антирекорд нәтижесін қайталауға жақын

“Челси” командасы осы маусымда ең көп қызыл қағаз алған команда ретінде тіркелді.

“Арсеналға” қарсы кешегі жеңілісті кездесуде “Челси” сапынан Педро Нету алаңнан қуылған еді. Жалпы барлық турнирлерді есептеп қарағанда, ақсүйектер ұжымы 9 қызыл қағаз алған екен. Оның 7 Премьер-Лига аясында.

Чемпионаттың антирекордын қайталау үшін “Челси” ойыншыларына 2 рет алаңнан қуылу жеткілікті. Соның нәтижесінде Росеньор шәкірттері Премьердің ең өрескел командалары болған КПР мен “Сандерлендтің” қатарына қосылады.

Келесі кездесуін лондондықтар 5 наурыз күні “Астон Виллаға” қарсы ойын өткізеді. Аталған ойынға дисквалификациясына байланысты “Челси” сапынан Педру Нету қатыспайды.
18
🔥 6
3.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Kommentator_Maulen

20.3K
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты.

Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл

Жарнама бойынша: +77786243499
Открыть в Telegram