avatar
Kommentator_Maulen
@Kommentator_Maulen
02.03.2026 20:24
�� Биылғы трансфер нарығы мен үшін біраз сабақ үйретті. Шетелдік бір футболшыда кем дегенде 4-5 агент болады екен. Оның жартысы ортадағы делдал. Болгарияда ойнайтын африкалық футболшының агентін түбі аршып алып, іздеп таптық, сүйтсек ол Лондонда тұратын ағылшын азаматы болып шықты. Делдалдар үстіне 2-3 мың долларын қосып, сауданы қыздырып отыра береді.

��️ Қазақстанда адамдар өздерін агентпін деп айтпауға тырысады. Иә, таза осы саланы таңдағандар да жоқ емес. Алайда, қосымша жұмыс атқарып, клуб ішінде спорт директоры, клуб директоры болып жүрген кісілер ауызша әңгімемен агенттердің шаруасын атқарады. Себебі, елімізде сапалы агент жоқ. Қазақстандық футболшылардың шет елдік лигаларға ауыса бермейтінінің де себебі сонда.

�� Өз қалтаңды ғана ойламай, футболшының бағын ашып, ағылшынша сөйлеп, шетелмен келіссөз жүргізіп қазақтың бір баласын Бундеслига мен А сериясына өткізіп жіберсең қазақ футболына зор үлес қосқан патриотсың. Абыройлы агентсің. Қазақ футболы осындай адамға дәл қазір қатты мұқтаж.

@kommentator_maulen
52
👍 15
3.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Kommentator_Maulen

20.3K
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты.

Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл

Жарнама бойынша: +77786243499
Открыть в Telegram