avatar
Kommentator_Maulen
@Kommentator_Maulen
01.03.2026 20:14
Премьер-Лига ұжымынан минималды есеппен жеңілді

“Жайық” командасы Екінші ОЖЖ алғашқы жолдастық ойынын өткізді.

Шымкенттің БИІК базасында “Ұлытаумен” болған матч 35 минуттан 3 таймға созылды. Жолдастық кездесудегі жалғыз голды Өркен Нурали өз атына жазды.

Тек жергілікті ойыншылармен жасақталған “Жайық” жеңіліске қарамастан, Премьер ұжымына лайықты қарсылас бола алды. Алдағы уақытта Бауыржан Омаров бастаған команда “Қайсардың” жастары мен “Арыстың” негізгі ұжымымен кездеседі.

Айта кетейік, өткен маусымда Екінші Лигада Оңтүстік-Батыс Конференциясында чемпион болған “Жайық” Шымкенттегі ОЖЖ 8 ақпан күні аяқтайды. Команда Оңтүсік өңірде 15 қаңтардан бері жаттығып келеді.
18
👍 5
3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Kommentator_Maulen

20.3K
Бұл парақша – тіркелген спорттық БАҚ «E.Maulen»-ның ресми аккаунты.

Лицензия № KZ03VPY00102019, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті тарапынан 26.09.2024 жылы беріл

Жарнама бойынша: +77786243499
Открыть в Telegram