Қазақстан мен БАӘ сот әкімшілігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
▪️ Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Біріккен Араб Әмірлігі Сот әкімшілігінің департаменті төрағасының орынбасары, сот кеңесшісі Юсеф Саид Әл-Абри бастаған БАӘ Сот әкімшілігі делегациясымен кездесу өткізді.
▪️ Кездесу барысында сот әкімшілігін жетілдіру, соттар қызметінің тиімділігін арттыру, сот жүйесін цифрлық трансформациялау, екіжақты ынтымақтастықты дамыту және озық практикамен алмасу келешегінің мәселелері талқыланды.
▪️ БАӘ делегациясының құрамында Абу-Дабидің Бас прокуроры Али Әл-Блоши, Сот қадағалауы басқармасының басшысы Али Әл-Шаер, Түзету және оңалту орталықтары секторының атқарушы директоры Фейсал Әл-Хаммади және Стратегиялық жоспарлау мен институционалдық даму жөніндегі директор Абдулла Саиф болды.
▪️Қазақстан тарапынан кездесуге Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі Басшысының орынбасарлары Жантемір Шакиев пен Асылбек Мүсірәлінов, сондай-ақ Сот әкімшілігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов қатысты.
▪️ Кездесуді аша келіп, Наиль Ахметзакиров Қазақстан мен БАӘ сот жүйелері арасындағы өзара іс-қимылдың үдемелі дамуын атап өтіп, Дубай мен Астанада өткен екі елдің жоғары сот органдары басшыларының кездесулері екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін бергеніне тоқталды.
https://t.me/Jogargy_sot/5819
https://t.me/Jogargy_sot/5510
▪️ Сот әкімшілігінің басшысы сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, сот арқылы қорғалудың тиімділігін арттыруға, соттар мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтуға, сондай-ақ цифрлық технологияларды одан әрі дамытуға бағытталған Қазақстан сот жүйесі реформаларының негізгі бағыттарымен таныстырды.
▪️Қонақтарға Қазақстанның сот жүйесінде енгізілген заманауи цифрлық шешімдер, оның ішінде аумақтан тыс соттылық, зияткерлік сервистер, ЖИ-ді қолдану және сот процестерін роботтандыру көрсетілді.
▪️ Өз кезегінде Юсеф Саид Әл-Абри сот жүйелерінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі Еуропалық әдеп хартиясы қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
▪️ Ол мамандандырылған соттардың жұмысын ұйымдастыру және сот инфрақұрылымын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.
▪️ Тараптар кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, тәжірибе алмасуға және сотты әкімшіліктендіру саласында үздік тәжірибелерді енгізуге дайын екендіктерін растады.
▪️Сол күні БАӘ делегациясы Астана қаласының мамандандырылған қылмыстық, экономикалық және ювенальдық соттарына барып, олардың жұмыс ерекшеліктерімен, сот қызметін ұйымдастырумен және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдермен танысты.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram