«Жасыл саяжол» жобасының финалы 🌿
Home Credit Bank өзінің мерейтойлық
«Жасыл саяжол» жобасын Тараз қаласындағы соңғы ағаш отырғызу шарасымен тәмамдады.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің аумағында банк қызметкерлері акимат өкілдерімен, студенттермен және қала тұрғындарымен бірге тұрақтылықты, тазалықты және өсуді бейнелейтін
туя мен арша көшеттерін отырғызды 🌳
Бастама аясында Қазақстанның 12 қаласында 1200 түп ағаш отырғызылып, жалпы құны 36 миллион теңгені құрады 💚
Тараз — жобаның соңғы нүктесі болып, бай тарихы, мәдениеті және қонақжайлық дәстүрлерін сақтаған қалада өткен ауқымды экологиялық шараның символдық аяқталуына айналды.
Жоба аяқталғанымен,
экология мен қоршаған ортаға қамқорлық — күн сайын жалғасатын маңызды бағыт 🌍
Home Credit Bank бастаманы қолдап, жасыл, таза және шабыт сыйлайтын болашақты қалыптастыруға үлес қосқан әрбір қатысушыға алғыс білдіреді
Обсуждение 2
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram